Кафедра туралы

ССиТМ

 

«Стандарттау, сертификаттау және машина жасау технологиясы» кафедрасының 1959 жылы ашылуы Ұлы Отан соғысының және еңбек ардагері М.К. Құрманғалиевтің есімімен тығыз байланысты.

 

Құрманғалиев М.К. кафедраның ашылуы мен дамуына зор еңбек сіңірді. Оның басқаруымен 1961 жылы ҚазТКИ-да Қазақстанда тұнғыш рет 0501- машина жасау технологиясы, металл кесу станоктары мен аспаптары мамандығы бойынша оқуға студенттер қабылданды. Алматы ауыр машина жасау зауыты кафедраға қажетті станоктар, аспаптар, өлшеу құралдарын және т.б. жөнінде өз көмегін аяған жоқ.

 

Кафедраны әр кездері доцент, т.ғ.к. М.К.Құрманғалиев, т.ғ.д., проф. М.Р.Түсіпбеков, т.ғ.д., проф. А.Н.Нұржанов, т.ғ.д., проф. С.Н.Игнатов, т.ғ.д., проф. Т.М.Мендебаев басқарып келді.

 

1967 жылы кешкі және сырттай оқитын инженер-механик мамандарының алғашқы легі оқуын тәмәмдады. Онда 112 адам диплом алған еді. Содан бері күндізгі, кешкі және сырттай оқыту түрлерімен кафедра 7000-нан астам инженерлер даярлады. МЖТ кафедрасының құрамынан жеке кафедра болып 1981 жылы “Станок жасау және автоматтандыру” кафедрасы, ал 1990 жылы – “Конструкциялық материалдар технологиясы және құю өндірісі” кафедрасы бөлініп шықты.

 

1995 - 2012 жылдар аралығында кафедраны Халықаралық ғылым және жоғары мектеп Академиясының мүше корреспонденті, техника ғылымдарының докторы, профессор Мендебаев Т.М. басқарды.     

 

2007 жылы кафедра «Стандарттау, сертификаттау және машина жасау технологиясы» атауына өзгерді. Кафедрада 5В071200- «Машина жасау» және 5В073200 «Стандарттау және сертификаттау» (салалар бойынша) мамандығы бойынша бакалаврлар,6М071200– «Машина жасау», 6М073200– «Стандарттау және сертификаттау» мамандықтары бойынша магистрлер және 6D071200– «Машина жасау» мамандығы бойынша PhD докторанттарды даярланыпжатыр, бакалавр бойынша алғашқы түлектері 2008 жылы бітіріп шықты.

 

2012 жылдан бастап кафедраны т.ғ.к., доцент Альпеисов А.Т. басқарады.

 

Кафедрада 2 ғылым докторы, профессорлар Мендебаев Т.М., Поветкин В.В. жұмыс істейді.

 

Профессор Меңдібаев Т.М. «Үздік оқытушы - 2010» мемлекеттік грантының иегері және Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген Қайраткері болып табылады.

 

Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша профессор Поветкин В.В. жетекшілігімен ғылыми-зерттеу гранты бойынша берілген ғылыми жоба жұмыы жасауда.

  • 2012 жылы кафедра профессоры Поветкин В.В жетекшілігімен «Орталық топырақтық сорғыштың жаңа құрылымын өңдеу» ғылыми жобасы гранттық қаржыландыру туралы «Шикізат пен өнімді терең қайта өңдеу» Ұлттық ғылыми кеңесінің шешімімен 48 млн.теңге грантын ұтып алды (№751 тақырып. ГФ БҒМ.12.15.).
  • 2013 жылы қайтадан профессор Поветкин В.В жетекшілігімен «Гранитті блоктарды өндіру кезінде қуыстық өңдеулерді өткізу үшін мықты термодинамикалық жұмыс органы бар машинаның жаңа құрылымын өңдеу» ғылыми жобасы гранттық қаржыландыру туралы «Шикізат пен өнімді терең қайта өңдеу» Ұлттық ғылыми кеңесінің шешімімен 48 млн.теңге грантын ұтып алды (№ 753 тақырып. ГФ БҒМ. 13.5).
  • 2015 жылы Энергетика және машина құрылысы бағыты бойынша 25 млн. теңге мөлшерінде ғылыми грантқа (ғылыми жетекшісі проф. Поветкин В.В.) қол жеткізілді, оның тақырыбы: «Шарлы диірмендер тартпаларының ауыр қысымды тісті жөнелткіштерінің тозғыштық қабілеттерін арттырудың құрылымдық-технологиялық әдістерін өңдеу».

 

Профессорлар Мендебаев Т.М. және Поветкин В.В. кафедраның магистранттары және докторанттарымен үлкен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде.

 

Кафедрада үш сатылы білім беру модели қалыптастыру мақсатында (бакалавриат-магистратура – докторантура) сапалы кадрларды   дайындау үшін PhD/ докторларға арналған жұмыс бағдарламалары жұмыс істейді. 

 

 

ССиТМ

Альпеисов Азамат Тұрысбекұлы - Ә.Бүркітбаев атындағы Өнеркәсіптік инженерия институтының «Стандарттау, сертификаттау және машина жасау технологиясы» кафедрасының меңгерушісі, техника ғылымының кандидаты, доцент.

 

"Стандарттау сертификаттау және машина жасау технологиясы" кафедрасының мақсаты және тапсырмалары ИСО 9001-2000 "Сапа менеджмент жүйесі талаптар" және сапа саласындағы университет саясатын барынша қамтамасыз ету болып табылады:

  • Кафедраның ғылыми-бiлiмдiк, инновациялық, ғылыми – педогогикалық қызметтерін дамыту және нығайту;
  • Кафедраның бакалаврларды, магистранттарды және PhD докторанттарды даярлау білім беру бағдарламаларын әзірлеуді  ҚР ЖББМСТ талаптарына сәйкес даярлау;
  • ҚР ҒЗЖ және инновациялық байқауларға қатысуға ұсыныстар жасау;
  • ҚР өнеркәсіптік кәсіпорындармен тығыз байланысты дамыту;
  • Профессорлық-оқытушылық құрамның біліктілігін арттыру.

 

Кафедраның міндеттері келесі бағытта іске асырылуы тиіс:

  • Машина жасау және Стандарттау, сертификаттау және метрология саласында үздіксіз білім беру жүйесі бойынша білім беру бағдарламаларын қамтамасыз ету;
  • Білім лаушыларды ғылыми-зерттеу іс-әрекеттер арқылы дамыту;
  • Білім алуға және интелектуалді ынталандыру атмосферасын қалыптастырып оны ары қарай дамыту;
  • Машина жасаудың және сапа менджмент жүйесін дамытудың негізінде білім беру іс-әрекеттерін енгізу;
  • Мультимедиа, білім берудің жаңа технологиясы қолданып білім беру бағдарламаларын өңдеу;
  • Беделді шет елдік ЖООмен серіктестікті нығайту.
Наверх