Ғылыми-зерттеу жұмысы

Кафедра келесі ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізеді:

  • бюджеттік ҒЗЖ: «Өзара байланысқан ағымдары бар компьютермен басқарылатын машиналарды сараптау және синтездеу»;
  • ҚР БҒМ ҒЗЖ-ның МҚ тақырыбы «Параллельді құрылымдағы интеллектуалды роботтардың қозғалыс әсерін зерттеу». Ғылыми жетекші т.ғ.д. Шоланов Қ.С.;
  • әл-Фараби атындағы ҚазҰУ математика және механика институтының ғалымдарымен біріге отырып, 2012-2015 жж. ҚР БҒМ ҒЗЖ-ның МҚ тақырыптарына байланысты жұмыс жүргізу:
  • «Кері байланыс принципінде басқарылатын рентгенді радиометрикалық шегендеу станциясының параллельді манипуляторын және жетек-автоматын жобалау мен жасау». Ғылыми жетекші т.ғ.к. Өжікенов Қ.Ә.;
  • «Қазақстан жағдайында электромобильдерді енгізудің мүмкіндіктерін зерттеу». Ғылыми жетекші т.ғ.к. Өжікенов Қ.Ә.;
  • Ө.А. Жолдасбеков атындағы механика мен машинатану институтының ғалымдарымен біріге отырып, 2012-2015 жж. ҚР БҒМ ҒЗЖ-ның МҚ тақырыптарына байланысты жұмыс жүргізу:
  • «Дiрiлдi тетiктер және машиналардың динамикалық синтезiнің саралау әдісінің дамуы, сызықты емес динамикалық эффекттердiң есепке ала отырып кинематиялық булардағы саңылаулардың олардың технологиясы мен жобалауы». Жауапты орындаушы т.ғ.к. Төлешов Е.А.
  • ҚР Ұлттық Ядролық орталықтағы ядролық физика институтының ғалымдарымен біріге отырып, 2012-2015 жж. ҚР БҒМ ҒЗЖ-ның МҚ тақырыптарына байланысты жұмыс жүргізу:
  • «Трансаксиалды электростатикалық өрістегі көп реттік шағылысатын зарядталған жиіліктердің стационарлы емес ағындарының динамикасын зерттеу». Орындаушы: ф.-м.ғ.к. Алдияров Н.У.
  • «Дискретті симметрияда, қолданбалы зерттеулерде және қолданудағы қателіктерді іздеудегі тороидты сәт». Орындаушы: ф.-м.ғ.к. Алдияров Н.У.

       

Шетелдік және отандық ұйымдармен бірқатар келісімшарттар жасалды, соның ішінде:

  • «Дубна» Халықаралық табиғат, қоғам және адам университеті, Россия, Москва. Аталған университет профессоры т.ғ.д. Ульянов С.В. және Бауман атындағы ММТУ профессоры Воротников С.В. ҒЗЖ байланысы арқылы ғылыми кеңес жүргізілді және шақырылған профессор ретінде дәрістер оқыды, сонымен қатар қаржыландырылатын ҒЗЖ жұмыстарына қатысуда;
  • профессор Marco Cecarrely-дің жетекшілігімен LARM-мен (Italy, Cassino).

        ПОҚ және кафедра ғалымдары республикалық халықаралық ғылыми конференцияларға қатысып тұрады. 2012-13 жж. кафедра оқытушылары ғылыми іссапарлармен Оңтүстік Корея, Англия, Жапония, Ресей, Доминикан Республикасы және Қытай елдерінде болды. 
        Кафедраның ПОҚ-ы ғылыми зерттеу жұмыстарымен белсенді түрде айналысады. 2012жыл аралығында 38 ғылыми мақалалар мен баяндамалар тезисі жарияланды, оның ішінде республикалық баспаларда - 27, шет елдік баспаларда – 11.


Жарияланған монографиялар:

  • Өжікенов Қ.Ә. Координаттық-параметрлік басқарылатын манипуляторлар динамикасын модельдеу.
  • Омаров К.А. Робот звеноларының жетектерін оптималдық басқару.
  • Омаров К.А. Транспорт және транспорт техникасының динамикасы.

       

Кафедрада ғылыми семинар құрылып жұмыс істеуде. Семинардың жұмыс жоспарында жас оқытушылардың, магистранттардың және жетекші мамандардың ғылыми зерттеулерінің мәселелері мен нәтижелері талқыланады. 
       

Студенттер кафедра оқытушыларының басшылығымен ғылыми баяндамалар дайындайды және әр жылдық ғылыми студенттік конференцияларға қатысады. 
       

2012 жылы кафедра студенттері ғылыми баяндамалар дайындап, ғылыми студенттік конференцияларға қатысты. Конференцияға қатысу нәтижесінде Псб-10-3к Сержан Асем 1-ші орын (ғылыми жетекшісі т.ғ.к. Жұмашева Ж.Т.) және Псб-09-1р Қамзабеков С. 2-ші орын алды (ф.-м.ғ.к. Макешева К.К.).
       

Студенттік ғылыми «Өз роботынды өзің жаса» кружогы және «Аспап жасаушы» клубы жұмыс істейді. 
       

Ғылыми саясаттың негізгі мақсаты - бұл ғылыми кадрлардың жақсы дайындалған контингенттерін қалыптастыру, ал жоғарғы мектептің жетекші функциясы болып білім тарату, дамыту және жинақтау міндеттері болып табылады. Жоғарғы мектеп пен ғылыми саясаттың алға қойған мақсаттары мен міндеттері бір жерден түйіседі. Ал бұл мақсаттар тек ғылыми зерттеудің университет білімінің бөлінбес бір бөлігі болған жағдайда ғана жүзеге асады.

Наверх