Материалдық-техникалық база

Кафедра заманауи оқу және зертханалық қондырғылармен жабдықталған. «Аспап жасау» мамандығы бойынша студенттердің білім алатын оқу зертханаларының санына төмендегілер кіреді:

Электроника және микросхемотехника бойынша Degum System (Израиль) фирмасының қондырғыларымен жабдықталған (б.405 ӘҒ, ауданы 32 м2);
Микропроцессорлық техника бойынша ADAM 5510 (Advantech, США) өнеркәсіптік контроллерлері (б.406 ӘҒ, ауданы 17,1 м2);
Ақпараттық-өлшеуіш техника бойынша студенттермен дайындалған қондырғылар (б.411 ӘҒ, ауданы 49,5 м2).
   

Сонымен қатар, «Аспап жасау» мамандығының студенттері, кешендік автоматиканың бағдарламалық-техникалық құралдары және компьютерлік модельдеу зертханаларында да білім алады. Оларға ӘҒ ғимаратындағы 412 және 416 компьютерлік сыныптар және де кешендік автоматиканың бағдарламалық-техникалық құралдары және компьютерлік моделдеу зертханалары (413, 420, 515 дәрісханалары) жатады.
       

«Мехатроника» (к.408 ВК) ғылыми-зерттеу орталығы жұмыс істейді. 04.04.2011ж. №186-б бұйрығына сәйкес «KazNTU-Honeywell» (б.421 ӘҒ) кафедра аралық ғылыми-зерттеу және оқу орталығы құрылды. Онда студенттер Honeywell американдық аэроғарыштық компанияның бағдарламалық өнімдерімен жұмыс істеу және бағдарламалауды үйренеді. 20.02.2012ж.-дың №81-б бұйрығына сәйкес «KazNTU-Siemens» (БОҒ) автоматизация жүйелерін оқу және Қазақстан-Германия ғылыми зерттеу орталығы құрылды. Бұл зертханада студенттер Siemens фирмасының бағдарламалық және техникалық құралдырының жұмысымен танысып, үйренеді. Сонымен бірге оқу зертханаларына 450 м2 жуық ауданды Қазақстан-Француз Білім беретін Орталығының ғимараты кіреді. Зертхана «Schneider Electric» француз компаниясымен жеткізілген заманауи оқу-зертханалық қондырғылармен жабдықталған.

 

 

Наверх