Кафедра туралы

Тарихы
Ә. Бүркітбаев атындағы өнеркәсіптік индустрия институтының «Робототехника және автоматиканың техникалық құралдары» кафедрасы Автоматика және басқару жүйесі факультетінің құрамында құрылған «Робототехникалық жүйелер және кешендер» кафедрасы «Робототехникалық жүйелер және кешендер» мамандығы бойынша инженер-жүйетехнигін даярлай бастағаннан бастап, 1991 жылдан бастама алады.

 

Негізінде бұл мамандық бойынша инженерлер дайындау 1988 жылдан басталған.

 

2001 жылы «Мехатроника және робототехника» кафедрасы ұйымдастырылды.

 

2002 жылдың маусымынан «Мехатроника және робототехника» (МжРТ) мен «Электроника және есептеу аппаратуралары» кафедраларының және «Физика» кафедрасының оқытушылар құрамының бір бөлігінің қосылуы нәтижесінде «Электроника, мехатроника және робототехника» кафедрасы құрылды.

Осы аталған кафедра 2007 жылы атауы ауысып, қазірде «Робототехника және автоматиканың техникалық құралдары» деп аталады.


1991-1999 жж. кафедраны т.ғ.д., профессор Иванов К.С. меңгерді. 


2001 жылдан 2013 жылға дейін кафедраны қайта ұйымдастырып, оны ҚР ҰИА академигі, т.ғ.д., профессор Шоланов Қ.С. меңгерді.


2013 оқу жылынан бастап кафедраны т.ғ.к., доцент Өжікенов Қ.Ә. меңгереді.

 

Мақсаты мен міндеттері:
Кафедраның мақсаты – оқу жұмыстарын оқытушылардың ғылыми-педагогикалық біліктілігін жоғарылату негізінде жүзеге асыру, қазіргі заманғы білім берудің оқыту технологияларын ендіру, білімді тұтынушыларды дүниежүзілік білім беру стандарттарына сәйкес қызметпен тұрақты қамтамасыз ету болып табылады.


Кафедраның міндеттері:
1.Таңдалып алынған мамандық бойынша ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтардың, ғылым мен трактиканың жетістіктерінің негізінде жеке тұлғаның кәсіби қалыптасуы мен дамуына бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті шарттарды құру.
2. Кәсіби білім берудің еңбек нарқының өзгермелі қажеттіліктеріне тез бейімделуіне және әрбір білімгерге өзінің жеке потенциалын максималды түрде қолдануына ықпал ететін оқытудағы жаңа технологияларды тиімді қолдану және енгізу.
3. ПОҚ мен ОҚП біліктілігін жетілдіруге жағдайдар жасау.
4. Кафедраның имиджін нығайту.
 

Наверх