Ғылыми-зерттеу жұмысы

Кафедраның ПОҚ таңдамалы тақырыптар бойынша ғылыми жұмыстармен айналысады: «Энергетикада қолданылатын нанокөміртек материалдар алу әдістерін жобалау», «Ағаш емес өсімдік шикізат негізінде целлюлозалық материал алу».

Кафедрада 2011 жылдан бастап магистратура ашылды. 50-ден астам түлек бітіріп шықты. 2016-2017 оқу жылында магистратурада білім алушы саны 13 адамды құрады.

Қазіргі таңда 2 курс магистранты Елубаев А. Б., Б.Н. Ельцин атындағы УрФУ-де «Полиграфия және веб дизайн» кафедрасында 6М072200-Полиграфия мамандығы бойынша екі дипломдық білім алу үшін – ҚазҰТЗУ және УрФУ (Екатеринбург қаласы, РФ) оқуда.

2016 ж. 2 курс магистранттары Лодзск техникалық университетінің қағаз өндірісі және полиграфия институтының (Польша) екі апталық ғылыми білім жетілдіру сапарында болды. Білім жетілдіру ғылыми іс сапарда магистранттар қағаздың оптикалық және құрылымдық қасиеттерін, мәтіндік және бейнелік ақпараттық өңдеудің қазіргі кездегі әдістерін, оптоэлектрондық, сканерлеу жүйелерін және полиграфияда қолданылатын басқа да жүйелерді зерттеді.

Жыл сайын кафедраның ПОҚ, білім алушылары, республикалық, халықаралық конференцияға қатысады. Кафедраның ҒЗЖ студенттер белсенді араласады. Студенттер жоғары оқу орындары арасындағы конференцияларға баяндамалар жасап отырады.

Білім алушылар әр жыл сайын болып тұратын «Халықаралық Сәтбаевты тану» конференциясы, 5В072200-Полиграфия мамандығы арасында болатын Республикалық пәндік олимпиада, ең үздік студенттер арасында республикалық ғылыми-зерттеу конкурсына белсенді қатысады.

2014 жылдан бері «ПӨТжМ» кафедрасы Қазақстанның баспагер, кітап шығару, полиграфистер ассоциациясының мүшесі. Бұл байланыс кафедрасының жұмыс берушілермен, сонымен қатар полиграфия саласындағы ақпаратпен алмасу байланысын нығайта түсті.

 

Соңғы төрт жылда шет елден дәріс оқу іс-сапарымен келесі ғалымдар кафедрамызға келіп кетті:

Куликов Г.Б  –  Москва мемлекеттік баспа университеті профессоры  (МГУП) ), (РФ, Москва қаласы).

Артыков Э.С. – Москва мемлекеттік баспа университеті профессоры  (МГУП) ), (РФ, Москва қаласы).

Бенда А.Ф. – Москва мемлекеттік баспа университеті профессоры  (МГУП), (РФ, Москва қаласы).

Андреев Ю.С.– Москва мемлекеттік баспа университеті профессоры, т.ғ.к.,  (МГУП) ), (РФ, Москва қаласы).

Тягунов А.Г – Б. Ельцин атындағы Орал Федеральдік университеті. (РФ, Екатеринбург қаласы).

Троицкий И.В. – Б. Ельцин атындағы Орал Федеральдік университеті. (РФ, Екатеринбург қаласы).

Корешев С.Н. – Санкт-Петербург ұлттық зерттеу ақпараттық технология, оптика және механика университеті профессоры, техн. ғылым. докторы, (СПбУИТМО), (РФ, Санкт-Петербург қаласы). 

Наверх