Материалдық-техникалық база

Тиімді байланыс үшін, полиграфия мен баспа саласында тәжірибе алмастыру мақсатында, 2009 жылында Мәскеу мемлекеттік баспа университетімен, Украина баспа академиясымен, Жеңіл өнеркәсіптік және тоқыма Ташкент институтымен, Раззаков атындағы Қырғыз мемлекеттік университетімен және т. Б. жоғарғы оқу орындарымен біліктілікті арттыру мақсатында келісім-шарттар жасалды. ҚазҰТЗУ-мен ММПУ-нің арасындағы Келісім-шартқа байланысты ММПУ-де 5 оқытушы біліктіліктерін арттырды. Мұнда студенттер дипломдық жоба жазуға мүмкіндік алды, ал оқытушылыр ғылыми жұмыстарға материалдар жинақтады. «Шақырылған профессор» бағдарлама аясында ММПУ-мен Б. Н. Ельцин атындағы Урал федералды университетінен (УрФУ) жетекші профессорлар кафедрада дәрістер жүргізді.

 

2011    ж. желтоқсанында Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ ректорының шақыруымен Мәскеу мемлекеттік баспа университетінің профессорлары Г.Б. Куликовпен Э. С. Артыков студенттерге полиграфия жабдықтары тұралы дәрістер оқып, оқытушыларға, магистранттар мен студенттерге қосымша кеңес берді. 2012 жылдың сәуір айының 16 мен 21 аралығында Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың «Полиграфия өндірісінің технологиясы және машиналары» кафедрасының меңгерушісі х.ғ.к., доцент Ибраева Ж. Е., кафедра профессоры Бәзілов Ж..Ж. және аға оқытушы Бердыкулова К.А. осы топ Мәскеудің бірінші Президенті Б. Н. Ельцин атындағы Урал федералды университетіндегі (УрФУ) радиоэлектроника және информатика, информациялық технологиялар – РТФ (ИРИТ-РТФ) институтына барып қайтты. 

 

Бару себептерінің бірі «Полиграфия және веб-дизайн» кафедрасының ҒЗЖ танысу болды. Бұл институт Екатеринбург қаласында орналасқан. 
2012    ж. 18 мен 24-ші мамыр аралығында (кафедраның ХАҚ жоспары бойынша) Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-нің және «Полиграфия өндірісінің технологиясы және машиналары» кафедрасының қадірлі қонағы болып УрФУ-нің «Полиграфия»кафедрасының меңгерушісі т.ғ.к., доцент Тягунов А. Г. және «Машина бөлшектері» кафедрасының меңгерушісі т.ғ.к., доцент Троицкий И.В. келді. Осы кездесулердің нәтижесінде. Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-мен Б. Н. Ельцин атындағы УрФУ-нің арасында келісім шартқа қол қойылды. Осы келісім шарт арқылы 2011-2012 жылы бітірген 9 студент және ПӨТжМ кафедрасының аға оқытушысы Толыбаева Ж.Ж. Ельцин Б.Н. атындағы УрФУ-нің «Полиграфия және веб-дизайн» кафедрасына бюджет негізінде магистратураның 1 курс студенттері болып отыр. 2013    жылдың қараша айында Бірінші Россия Президенті Б. Н. Ельцин атындағы УрФУ ИРИТ-РТФ директоры С. Т. Князев және «Полиграфия және веб-дизайн» кафедрасының меңгерушісі А. Г. Тягуновтың шақыруымен, федералды бюджетпен қаржыландырылған «Даму» бағдарламасы бойынша екінші рет, «Полиграфия өндірісінің технологиясы және машиналары» кафедра құрамы: кафедра меңгерушісі х.ғ.к., доцент Ж. Е. Ибраева және аға оқытушылар Г. О. Газизов, З. О. Медетбекова россиядағы ең ірі ЖОО бірі болып саналатын жоғарыда аталған университеттің «Полиграфия және вебдизайн» кафедрасының студенттері мен магистранттарына арналған арнайы дәрістерімен барып қайтты.

 

2014ж. 5 мен 22-ші қазан аралығында (кафедраның ХАҚ жоспары бойынша) Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-нің және «Полиграфия өндірісінің технологиясы және машиналары» кафедрасының қадірлі қонағы болып Санкт- Петербург ұлттық информациялық технологиясы, Оптика, механика университетінің т.ғ.д. профессор Корышев С.М. (СПбУИТМО, Россия) келесі тақырыпта дәріс өткізді: «Оптикалық голограммалар элементтері және жабдықтары.Бейнелеу қасиеттері және құрылғылары және қолданылуы», «Голографиялық жобалық фотолитография: күйі және дамуы» және УрФУ-нің «Полиграфия»кафедрасының меңгерушісі т.ғ.к., доцент Тягунов А. Г. полиграфиядағы басуға дейінгі үрдістер жайында дәріс оқылды. Қонақтарымыз полиграфия мамандығы бойынша дәрістер оқыды, диплом алушыларға консультация өткізді. Сонымен қатар, университетіміздің ҒЗЖ жүйесімен танысты.

 

Жоғары оқу органдардың арасындағы қарым-қатынас қорытындысы болып, 2015 жылы ҚР БҒМ мемлекеттік тілде бір оқулықты, орыс тілінде бір оқулық полиграфия және УРФУ веб дизайн кафедралары үйымдастырылған ПМжОТ кафедрасының оқытушылары мен оқушылар арасында халықаралық конференцияларға қатысуы, және ресей және қазақстандық журналдардың ғылыми публикациялар шықты.
11.03.2010ж. УШОС шеңберінде ҚазҰТУ мен Санкт-Петербургтың ұлттық ақпараттық технология, маханика, оптика зерттеу институтының (Санкт-Петербургский национальный исследовательский университет информационных технологий, механики и оптики (СПбНИУИТМО)) бекітілген келісім бойынша 2014 ж. 8 мен 12-ші желтоқсан аралығында кафедраның ХАҚ жоспары бойынша Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-нің «Полиграфия өндірісінің технологиясы және машиналары» кафедрасының ұйымдастыруымен Санкт- Петербург ұлттық ақпараттық технология, оптика, механика университетінің 2-курс магистранттарына (СПбУИТМО, Россия) ғылыми тәжірбие алмасу ұйымдастырылды.

 

Академиялық мобильдік бағдарламасы бойынша біздің білім алушылардың жетекші Батыс университеттерінен (Португалия, Германия және Польша) білім алуға және тағылымдамадан өтуге мүмкіндіктері бар. Сол, 2012 ж. көктем айында 2-курс студенттері С. Бердібековамен З. Қарайдарова және 4-курс студенті Айтбаев А. Конкурстан өтіп, 1 семестр Авейро университетінде жалғастыруда (Португалия, Лиссабон қ.), 2014 ж. 4 курс студенті Анықбекқызы Әсем Белосток университетінде (Польша) оқыды, 2 курс магистранттары Сайфутдинова М. Райымбекова Ж., Утегенова Э., Сарсанбеков Д., Саимбетова Ш., Жусупов А., Сарыбаев Н. Б. Н. Ельцин атындағы Урал федералды университетінен (УрФУ) «Полиграфия және вебдизайн» кафедрасына стажировка өтті.

 

Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті (ҚазҰТЗУ) мен Иван Федоров атындағы Мәскеулік мемлекеттік полиграфиялық университеті (ММПУ) арасындағы академиялық қарымқатынастық Келісім аясында 2015 жылы қаңтардың 19-нан 28-не дейінгі аралықта Мәскеу қаласында 6М072200-Полиграфия мамандығының 2-курс магистранттары іс-тәжірибеден өтті. Мәскеулік баспа университеті ректоры К. В. Антипов магистранттармен кездесуінде студенттердің тәжірибе алмасуларының маңыздылығын атап өтті, сонымен қатар біздердің ЖОО арасындағы ынтымақтастығын әрі қарай тереңдете түсуге өзінің лебізін білдірді.
Іс-тәжірибе өтуде білім алушылар принтмедия және ақпараттық технологиялар, коммуникациялар және медиабизнес институттарының жетекші оқушыларынан кеңес алып, Баспа университетінің кітапханасын пайдалануға мүмкіндік алды, сонымен қатар, «НИКФИ» ААҚ ғылымизерттеу кинофото институтында болды. Магистранттардың тәжірибе алмастыру аясында магистрлік диссертацияны жазуға қажетті материалдарды жинады, әрі Ресейдің жетекші кәсіби ЖОО профессорларының ұсыныстарын алды. Демалыс күндері білім алушылар ХШЖК және Мәскеу қаласының музейлеріне барды.

 

Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ құрамымен ПӨТжМ кафедрасыда 2012 ж. 12 маусымында Полиграфиялық оқу орындарының Халықаралық ассоциациясына қатысты (штаб-квартира-Штутгарт қ.). Осы ұйымға қосылу кафедраның халықаралық байланысын кеңейтуге және полиграфия саласында тәжрибе алмасуға, ғылыми еңбектерді Ассоциация журналдарына беруге мүмкіндік береді деген сенімдеміз.

 

2015 ж. 9 мен 21-ші қараша аралығында (кафедраның ХАҚ жоспары бойынша) Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-нің және «Полиграфия өндірісінің технологиясы және машиналары» кафедрасының қадірлі қонағы болып УрФУ-нің «Полиграфия» кафедрасының меңгерушісі т.ғ.к., доценті Тягуновпен А. Г. келесі тақырыпта дәріс өткізді: «Арнайы басу тұрлері» полиграфиядағы басуға дейінгі үрдістер жайында және полиграфия мамандығы бойынша студенттерге,сонымен қатар университетіміздің ҒЗЖ-не.

Наверх