Кафедра туралы

Тарихы
«Полиграфия өндіріснінің технологиясы және машиналары» кафедрасы 1994 жылы ашылды. Бүгінігі күнде елімізде ҚР баспа-полиграфиялық кешендеріне екі деңгейде кадрлар дайындауда (бакалавриат- магистратура) жалғыз мамандандырылған кафедра болып табылады. Кафедраның жұмыс істеу барысы кезінде полиграфия өндірісінің мыңнан аса мамандары дайындалып шығарылды. Бұл мамандар Республика деңгейіндегі РБПК «Дәуір», ЖШС «Полиграфкомбинат», ЖШС «Лидер офсет» және басқа да өндірістерде, сонымен қатар жеке меншік өндірістер ашып, орта және кіші бизнес саласын, Қазақстандағы полиграфиялық бизнесті дамытуда.  2014 жылдан бастап кафедра Қазақстан Республикасының баспагерлер, полигрфистер және кітап тарату Ассоциациясының мүшесі  болып табылады.


Кафедрада ҚР БҒМ ОЖӘК «Полиграфия» секциясы жұмыс істейді (бакалавриат, магистратура). Негізгі міндеті типтік оқу жоспарларын, бағдарламаларды, барлық «Полиграфия» мамандығына арналған оқу-әдістемелік материалдарды сараптамадан өткізу болып табылады. 

 

Мақсаты, міндеттері

  • Қазіргі заманғы қарқынды даму кезінде принтмедиа бизнес аумағында жоғары дәрежелі көшбасшы мамандарды дайындау.
  • Принтмедиа технологиялар аймағында кең ауқымды дайындығы бар және басты құзыреттіліктерді меңгерген бакалавр мен магистрлерді дайындап шығару.

 

Миссиясы және стратегиясы
Кафедраның  тапсырмасы: білімалушының ерекшеліктерін және жеке сұраныстарын есепке ала отырып, ыңғайлы,  ұтымды білім үрдісін қалыптастыру арқылы  принтмедиа технологиялар  аймағында сұранысқа ие мамандарды дайындау.


Кафедраның стратегиялық міндеттері: 
- ұлттық және халықаралық стандарттарға сәйкес сапалы білім қызметін ұсыну;
- принтмедиа технологиялар саласында шетел және отандық мамандардың ең үздігін салаға шақырту арқылы,  қазіргі заманғы білім технологияларын қолдану;
- профессорлық-оқытушылар құрам (ПОҚ)  және білімалушылардың ғылыми зерттеу қызметінің сапасын арттыру;
- ПОҚ біліктілігін арттыру және өзіндік даму білімін үздіксіз жетілдіру;
- материалдық-техникалық базаны жаңарту, бекіту.
 

Наверх