Кафедра туралы

Тарихы       

Кафедра негізі 1977 жылдың сәуірінде қаланды. 1998 жылы «Металдарды қысыммен өңдеу машиналары мен технологиясы» мен «Білдекжасау және автоматтандыру» кафедралары «Білдекжасау және машинажасау өндірісінің технологиялары» кафедрасы болып біріктірілді. 2000 жылы кафедрада «Машинажасау» мамандығы бойынша «Автоматтандырылған жобалау жүйелері» бағыты ашылды.Бұл бағытқа бірінші рет үш топқа 56 адам қабылданды. 2002 жылы кафедра құрамына «Материалтану және жаңа материалдар технологиясы» кафедрасы енді. Кәзіргі уақытта кафедра «Білдекжасау,материалтану және машинажасау өндірісінің технологиялары» (БМжМӨТ) болып аталады.
           

Мамандар дайындау мынадай бағыттар бойынша жүргізіледі:

Бакалавриат:
     5В071000 – Материалтану және жаңа материалдар технологиясы мамандығы;
     5В071200 – Машинажасау мамандығы;
     5В073800 – Материалдарды қысыммен технологиялары мамандығы.

Магистратура:
     6М071000 – Материалтану және жаңа материалдар технологиясы мамандығы;
     6М071200 – Машинажасау мамандығы;
     6М073800 – Материалдарды қысыммен технологиялары мамандығы.

Докторантура:
     6D071000 – Материалтану және жаңа материалдар технологиясы мамандығы;
     6D071200 – Машинажасау мамандығы.

           

Кафедра құрылғаннан бері Қазақстан Республикасының экономикасы мен өнеркәсібінің әр түрлі салаларына жоғарғы деңгейдегі мамандар дайындады. Кафедрада Н.Э.Бауман атындығы МЖТУ түлегі, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты, т.ғ.д., профессор М.Р.Түсіпбеков, ҚазҰЖА корреспондент мүшесі, т.ғ.д., профессор Д.У.Смағұлов, ХИА академигі, т.ғ.д., профессор С.Ә.Мәшеков және басқада машинажасау және материалтану салаларындағы белгілі ғалымдар мен оқытушылар жұмыс жасайды.
          

Кафедра мамандықтары немістің German Accreditation Agency Specialised in Accrediting Degree Programs in Engineering, Informatics, the Natural Sciences and Mathematics (ASIIN, Германия) аккредиттеу агенттігін халықаралық аккредитациясы, білім саласында сапаны қамтамасыз ету бойынша қазақстандық тәуелсіз агенттігінің (БСҚҚТӘ) және Аккредиттеу мен рейтингтеудің тәуелсіз агенттігінің (АРТА) аккредитациялары бар.
         

Кафедра соңғы жылдары халықаралық қарым-қатынастарда, халықаралық конференцияларда белсенді араласты, кафедра шетелдің белгілі ғалымдарын профессор Белов Н.А. (МИСиС, Россия), профессор Захидов А.З. (Техас, США), профессор Али Алиев (Техас, США), профессор Фиговский О.Л. (Калифорния, США), профессор Волочко А.Т.(Минск, Белоруссия), профессор Хина Б.Б.(Минск, Белоруссия) және басқаларын қабылдады.
          
          

Мақсаты және қызметі     

Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаттары мен міндеттері «2020 – Университет даму стратегиясы», 2013-2018 жж. Университет бағдарламасы мен даму жоспары., «Сапаны қамтамасыз ету аймағындағы Саясат пен мақсаттар» университеттің стратегиялық құжаттары негізінде анықталған.
          

Кафедра кадрлерді дайындау бойынша жоғары білім және жоғары білімнен кейінгі кәсіби білім беру бағдарламасын, ғылыми-тәжірибелік және ғылыми-әдістемелік жұмыстар кешенін жүзеге асырады, ұжымдар мен кәсіпорындарға ақпараттық-тәжірибелік қызметтер көрсетеді, оқу процесінде кадрлерді даындау мен оқытудың инновациялық технологияларын қолданады.

     

Миссия және стратегия      

Жаңа ағымдағы мамандарды дайындау білім беру бағдарламасының миссиясы  отандық білім беру сапасын үздік дүниежүзілік стандарттар деңгейіне көтеру, оны аккредиттеу процедуралары арқылы халықаралық мойындауды қамтамасыз ету негізінде   білімнің жоғары сапасын және кафедра мамандықтары бойынша кадрлерді дайындауда алдыңғы қатарлы орындарға қол жеткізу.

Наверх