Кафедра туралы

Тарихы

«Көтеру–тасымалдау машиналары және гидравлика» кафедрасы 1978 жылы құрылған және Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық зерттеу университетінің Ә.Бүркітбаев атындағы Өнеркәсіптік инженерия институты (ӨИИ) құрамына кіреді.

 

Кафедраның ашылуы Республикаға көп  бағытты инженер-механик, конструктор мамандығының қажеттілігіне байланысты болды. Кафедра түлектері өнеркәсіптің барлық салаларында, мемлекеттік құрылымдар мен басқа да кәсіпорындар мен ұйымдарда табысты еңбек етуде.

Кафедрада  алғашқы  кезден  бастап машина жасау, металлургия, құрылыс және т.б өнеркәсіптік салалар бойынша өндіріске қажетті жоғары деңгейлі мамандар даярланды. Кафедраның негізін қалаушылар: Н.Э Бауман атындағы МЖТУ-нің түлегі, Халықаралық көлік академиясының академигі, т.ғ.д., профессор Жиенкұлов С.А., т.ғ.д., профессорлар -  Сарғожин М.Х., Сазамбаева Б.Т. 14 докторлық және 30-дан астам техника ғылымдарының кандидаттығына диссертациялар қорғалды. Қазіргі таңда кафедрада 2  техника ғылымдарының докторы, 2 ассоциирленген профессор, 1 профессор ассистенті, 1 сениор лектор, 4 лектор, 2 ассистент еңбек етеді. Кафедрада  тәжірибелік және зертханалық  сабақтар  қазіргі заманға сай жабдықталған зертханалар мен зертханалық қондырғылармен, сонымен қатар басқа да қазіргі заман талабына сай жабдықтармен жүргізіледі. 

1993 жылы 280340 − «Көтеру−тасымалдау, құрылыс−жол машиналары және жабдықтары»  мамандығы бойынша алғашқы  түлектер шығарылды. Полиграфия бойынша жаңа мамандықтар ашылып, нәтижесінде «Көтеру–тасымалдау машиналары және гидравлика» кафедрасынан «Машиналар және полиграфиялық өндіріс технологиясы» кафедрасы бөлініп шықты. 1999 жылдан  автомобиль және трактор машина жасау  саласы үшін  280140−«Автомобиль және трактор жасау» мамандығы бойынша мамандар даярлана бастады.

 

    

 

Заведующая кафедрой

«Подъемно-транспортные машины и гидравлика»  

Ахметова Шолпан Даулетовна

к.т.н. доцент

раб .тел: 257- 70-83

 

 

 

Кафедрада 1992 жылдан 1999 жылдар аралығында кандидаттық диссертациялар қорғау жөнінде кеңес жұмыс істеді, 2008 жылдан 2010 жылдар аралығында докторлық диссертация қорғау бойынша Д14.17.02  диссертациялық кеңес жұмыс істеді.

 

01.09.2014 жылдан бастап «Көлік, көліктік техника және технологиялар» мамандығы бойынша бакалавр және магистрлер дайындау басталды. Магистрлерді дайындау 2-бағыт бойынша жүргізіледі: әмбебап (1,5 оқу жылы) ғылыми-педагогикалық (2оқу жылы).

«Көлік, көліктік техника және технологиялар» мамандығы 2011 жылдың 22 наурызында Ресейдің инженерлік білім Ассоциациясынан 5 жылға аккредитациядан өтті, ал 2016 жылы Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігiнен (ББСҚТҚА) 3 жылға аккредитациядан өтті.

«Көлік, көліктік техника және технологиялар» мамандығы бойынша оқу бағдарламасын аяқтаған мамандар кәсіпорындар мен ұйымдарда инженерлік орындарда табысып қызмет атқаруда.

Қазақстанның 2020 жылғы инновациялық даму бағдарламасына байланысты.бұл мамандыққа деген сұраныс жылдан жылға арта түсуде. Көптеген мемелекеттік және жеке кәсіпорындар білікті, көлік, көліктік техника және технология саласындағы қазіргі заманға сай бағдарламалық өнімдерді толығымен меңгерген мамандар даярлауға өздерінің қызығушылығын туғызып, қолдау көрсетуде.

 

Мақсаты және қызметі

Болашақ маманды дайындаудың мақсаты, оқыту барысында студенттер меңгеруі тиіс, құзыреттілігі және біліктілігі мамандық бойынша Нұсқаулықта сипатталған.

«Көтеру-тасымалдау машиналары және гидравлика» кафедраласы кадрларды даярлау бойынша жоғары білімнің кәсіби білім беру бағдарламасын жүзеге асырады; іргелі, ғылыми-тәжірибелік және ғылыми-әдістемелік зерттеулер жүргізеді; ұйымдар мен кәсіпорындарға ақпараттық-тәжірибелік қызмет көрсетеді; инновациялық технологияларды әзірлеп, оқу үдерісіне енгізеді.

Кафедра «Көлік, көліктік техника және технологиялар» мамандығы бойынша өнеркәсіптің және ауыл шаруашылығының кез келген салалары бойынша өзінің әмбебаптығын көрсете білетін мамандар дайындайды.

 

Миссия және стратегия

Білім беру бағдарламасының миссиясы – Болон үдерісінің қағидаларын және заманауи сапа стандарттарын іске асыру арқылы жоғары білім беру саласында жоғары сапалы білім беру қызметін көрсетуге, «Көлік, көлік техникасы және технологиялар» мамандығы бойынша кадрларды даярлаудың ұлттық білім беру кеңістігінде көшбасшылыққа қол жеткізуде.

Көлік және көлік техникасы саласындағы мамандарды дайындаудыңсапасын көтеру мақсатында ғылым және білім беру үрдісін жақсарту.

Наверх