Ғылыми-зерттеу жұмысы

 Кафердада ғылыми-зерттеу жұмыстары екі бағыт бойынша жүргізіледі: техникалық және педагогикалық ғылымдар, және 3 иницативті тақырып бар:
       

1-тақырып: «Инженерлік құрылыстарды, үрдістер мен құбылыстарды геометриялық және компьютерлік моделдеу». Тақырып жетекшісі Құспеков Қ.Ә., кафедра меңгерушісі, т.ғ.к. доцент.
2-тақырып: «Ақпараттық технологиялардың талаптарына сәйкес келетін геометрияның, инженерлік және компьютерлік графиканың мазмұнын анықтау, оларды оқытудың жаңа әдістерін, сапалы оқулықтарды жазу, электронды түрде оқу-әдістемелік кешендерді құрастыру». Тақырып жетекшісі т.ғ.д., профессор Есмұхан Ж.М.
3-тақырып: «Техникалық мамандық бакалаврларының оқу үрдісі мен графты-геометриялық дайындығын жетілдіру». Тақырып жетекшісі Абилдабекова Д.Д. п.ғ.к.,доцент.
     

Кафедрада халықаралық байланыс орнатылған, яғни 2011-2020 жылдарға Қазақ ұлттық техникалық университеті мен Сібір мемлекеттік жол-көліктік академиясымен келесі бағыттар бойынша халықаралық келісім жасалған:

инженерлік геометрия мен компьютерлік графика бойынша бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу; PhD докторларын бірлесіп дайындау;
сызба геометрия, инженерлік және компьютерлік графика бойынша бірлесіп заманауи оқулықтар жазу және оларды қазақ тіліне аудару.
     

«Инженерлік геометрия мен компьютерлік графика» ғылыми мамандығының дамуы мен жаңа идеяларды келтіру үшін 2 халықаралық шара ұйымдастырлыған:
«1) 2011 жылы университетте «Ақпараттық және компьютерлік технологиялар кеңістігінде инженерлік геометрия мен компьютерлік графиканың дамуы мен қазіргі жағдайы» атты халықаралық ғылыми-методикалық конференция өткізілді.
«2) «Инженерлік геометрия мен компьтерлік графика. Теория және практика» атты халықаралық семинары. Конференция мен семинар жұмысына қолданбалы геометрия мен инженерлік және компьютерлік графика саласының мамандары Қазақстаннан, Ресейден, Украинадан, Өзбекстаннан, Әзірдбайжан мен Қырғызстаннан атақты шетелдік ғалымдар қатысты.

2012 және 2014 жылдары студенттерге, магистранттар мен PhD докторанттарына арнап шетелдік профессор Волков В.Я. (Ресей) шақырылып, дәрістер, тәжірибелік сабақтар мен ғылыми семинарлар өткізілді, сонымен қатар кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы «Сызба геометрия» пәні (2012ж) мен «Инженерлік геометрия мен компьютерлік графика» ғылыми мамандығы бойынша біліктілікті арттыру курстарын өту мүмкіндігін алды (2014), барлығы сертификат алды.
     

Есмұхан Ж.М. мен Құспеков Қ.Ә. «Инженерлік жүйелердің қолданбалы геометриясы» атты 1 монография жариялады. «Ғылым» баспасы (2012ж).
     

ҚазҰТЗУ-да жылда өткізілетін студенттік ғылыми-техникалық конференциялары аясында, «Сызба геометриясы, инженерлік және компьютерлік графика» секциясы ұйымдастырылды, «Халықаралық Қ.Сәтбаев оқулары» дәстүрлі болып келеді, бұл секцияға 1-2 курс студенттері баяндамалар жасайды. Таңдаулы студенттер студенттік ғылыми клубтың жұмысына шақырылады, ол жерде «Инженерлік нысандарды геометриялық және компьютерлік моделдеу, техникалық есептерді инженерлік геометрия мен компьютерлік графика әдісімен шығару» тақырыбы бойынша зерттеу жүргізіледі.
     

Студенттердің ғылыми, зерттеу жұмыстарын ынталандыру үшін және дарынды жастарды анықтау үшін Республикалық олимпиада мен Республика университетерінің арасында «Сызба геометрия, инженерлік және геометриялық графика» ( 2014, 2015ж) пәні бойынша студенттердің үздік ғылыми-зерттеу жұмыстарына Республикалық сайыс ұйымдастрылды.

Наверх