Институт туралы

Тарихы

Институт ғылыми -  педагогикалық қызметте жарты ғасырлық тарихы бар.

Институт тарихы Қазақ политехникалық институтының қабырғасында машина жасау факультетiн ашу iсiнiң бастаушысы әрi ұйымдастырушысы, ҚазҰТУ-дың құрметтi профессоры Мейрам Құрманғалиұлы Құрманғалиевтiң есiмiмен тығыз байланысты. Ол үлкен ерiк-күштiң иесi, жасампаз адам, тамашы ұйымдастырушы әрi педагог. 1977 жылы Машина жасау факультетi ашылған соң оны декан етiп сайлайды.

2000 жылы машина жасау факультетi машина жасау, технология және экология институты болып қайта құрылды, ал 2003 жылдың 24 сәуiрiнен бастап Қазақ ұлттық техникалық университетiнiң құрамында университет ректоры, профессор Д.К.Сулеевтiң бұйрығымен машина жасау институты құрылды, бұл институт құрамына теориялық және қолданбалы механика, сызба геометрия және графика, стандарттау, сертификаттау және машина жасау технологиясы, конструкторлау мен машина деталдары, бiлдек жасау, материалтану негiздерi және машина жасау өндiрiсiнiң технологиясы, көтерiп-тасымалдау машиналары және гидравлика кафедралары кiргiзiлдi.

 

2011 жылы Институтымызға университеттің тұңғыш ректоры Ә.Бүркітбаевтың есімі беріліп, Өнеркәсіптік инженерия болып өзгертілді.

 

Қазіргі таңда Институттың директоры қызметін ҰҒҚ академигі Байғұншеков Жұмаділ Жаңабайұлы атқарады.

 

Қазіргі таңда Институт құрамына 6 кафедра кіреді:

1) Білдек жасау, материалтану және машина жасау өндірісінің технологиясы (БЖжМЖӨТ)

2) Роботты техника және техникалық автоматика құралдары (РТжТАҚ)

3) Стандарттау, сертификаттау және машина жасау технологиясы (ССжМЖТ)

4) Көтеру – тасымалдау машиналары және гидравлика (КТМжГ)

5) Полиграфиялық өндіріс машиналары және жабдықтары (ПӨМжЖ)

6) Қолданбалы механика және инженерлік графика (ҚМжИГ)

 

Өнеркәсіптік инженерия институты жоғарғы білікті мамандарды келесі мамандықтар бойынша дайындайды:

-         5В071000 – «Материалтану және жаңа материалдар технологиясы»

-         5В071200 – «Машина жасау»

-         5В071300 – «Көлік, көлік техникасы және көлік технологиясы»

-         5В071600 – «Аспап жасау»

-         5В072200 – «Полиграфия»

-         5В073200 – «Стандарттау және сертификаттау (сала бойынша)»

-         5В073800 – «Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясы»

-         5В090100 – «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру».

 

Магистратура бағдарламасы бойынша:

  • 6М071000 – «Материалтану және жаңа материалдар технологиясы»
  • 6М071200 – «Машина жасау»
  • 6М071300 – «Көлік, көлік техникасы және көлік технологиясы»
  • 6М071600 – «Аспап жасау»
  • 6М072200 – «Полиграфия»
  • 6М073200 – «Стандарттау и сертификаттау»
  • 6М073800 – «Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясы».

Докторантура бағдарламасы бойынша:

  • 6D071000 – «Материалтану және жаңа материалдар технологиясы»
  • 6D071200 – «Машина жасау»
  • 6D071600 – «Аспап жасау».

 

Институт қажетті жабдықтар, құрылғылар және қажетті бағдарламалармен қамтамасыз етілген компьютерлік техникамен жабдықталған.

 

Студенттер оқу барысында халықаралық заманауи автоматталған жобалау жүйелерін қолданады: Nastran, Comsol multiphisics және ресейлік бағдарламалар: компас 3D және APM WinMachine.

 

«Машина жасау», «Материалтану және жаңа материалдар технологиясы» мамандықтары Халықаралық аккредитациядан өтті.

 

«Көлік, көлік техникасы және көлік технологиясы»,  «Аспап жасау», «Полиграфия», «Стандарттау және сертификаттау (сала бойынша)»,  «Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясы» мамандықтары Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігiнен (БСҚА) аккредитациядан өтті.

 

Өнеркәсіптік инженерия институтының Магдебург техникалық университетімен, Авейро университетімен (Португалия), Стэндфорд университетімен (АҚШ), ТМД елдерінің жетекші ЖОО-мен: ММТУ (Мәскеу қ.), УРФУ (Мәскеу қ.), Станкин (Екатеринбург қ.) ғылым және білім беру бойынша тығыз байланыста.

 

Әр жылдары бітірген Институт түлектері: ЖШС «Машзаводтың» бас директоры – Шарифканов Д.Н. және вице-президенті Проневич А.Н., ЖШС «Массагет - Плюстің» директоры – Азимбеков М.К.; «Техоснастка» зауытының директоры – Вурос К.В., Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы - Оразбаков Г.И., «Abdi Company» компаниясының президенті - Бимендиев А.Ш., УПТОК «Волковгеология» директоры – Уйкекбаев А.Н. және т.б.

 

Мақсаты мен міндеті

Институттың негізгі мақсаты ғылым мен білімнің инновациялық технологиялары негізінде оқу – зерттеу кешенін қалыптастыру болып табылады.

Осы мақсатқа жету үшін келесі мәселелерді шешу қажет:

  • оқу – білім беру сапасының қызметінің сапасын арттыру;
  • ғылыми – зерттеу мен инновациялық қызметті жетілдіру;
  • халықаралық қатынасты нығайту;
  • тәрбиелік және әлеуметтік жұмыстарды күшейту.

 

Миссиясы

Институттың миссиясы машина жасау саласында жоғары білікті мамандардарды дайындауға бағытталған.

Наверх